Тимур Икрамов

Клубтар

Байсейітова Клубы, Алматы

Сабақтар

Sculpt
LB+ABS
ABS + Stretch

Салем!
Менің атым Тимур, мен Fitnation клубтар желісінің фитнес-директорымын. Компаниядағы фитнес бағытын басқарумен қатар, мен жаттығу залында топтық бағдарламалар мен жеке жаттығулар жүргіземін.

Фитнес – менің өмірім: менің осы саладағы жұмыс өтілім 16 жылдан асады. Менің спорттық жолым жеті жастан, шығыс жекпе-жегі мен волейболдан басталды. Мектепті бітіргеннен кейін өмірімді спортқа арнағым келетінін нақты білдім және ЦСКА спорт колледжіне оқуға түстім, әрі қарай, мен Калашников FPA мектебінің курсын және Бен Вейдер
фитнес академиясын бітірдім, содан кейін бодибилдингпен айналысып, классикалық бодибилдингтен ҚР үш дүркін чемпионы атандым.
Күн сайын өз клиенттерімнің нәтижелерін көремін және бұл маған позитив пен мотивация береді. Мен көптеген себептерге байланысты өз жұмысымды жақсы көремін, бірақ ең бастысы, мен адамдарға бұрынғыдан да денсаулығын жақсартуға және салауатты болуға көмектесемін.