Клубтар
Астана Клубы, Астана
Сабақтар
ABS + Stretch
Сәлем! Мен Тоғжанмын!
Топтық бағдарламалардың мастер- жаттықтырушысымын, және олардың ішінде ең сүйіктілерім Bosu жәнеFlowing.
Мен 2013 жылдан бастап фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс істеймін. Бірақ менің спорттық жолым бұдан бұрын басталды: 8 жасымда гимнастикамен айналыса бастадым. Кәсіби спортты тастап, фитнеске берілмес бұрын, мен осы пән бойынша жетістікке жеттім – халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағыналдым.
Менің басты міндетім – белсенді өмір салтын насихаттау және өз денесі мен спортқа деген сүйіспеншілікті ояту.
Бәрінен бұрын мені өзімнің қамқорлығымдағы жаттығушылардың нәтижелері шабыттандырады, мен өзімнің жетістіктеріме қарағанда олардың жетістіктеріне қуанамын!